Қазақстандық теннисші күміс жүлдеге ие болды
23 Мамыр, 13:45 416

Қазақстандық теннисші күміс жүлдеге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрманғалиев – күміс жүлдегер. Қазақстандық теннисші Польшадағы халықаралық турнирге қатысып, жеңіс тұғырына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

17 жастағылар арасындағы бәсекеде Алан Құрманғалиев алдымен Италия спортшысын ұтты. Артынша Литва, Польша, Мексика және Корея өкілдерін жарыс жолынан шығарды. Соңғы сындарда франциялық Натана Ламаны жеңіп, финалға жолама алған еді. Шешуші кездесуде тағы бір кореялық О Чжун Сунға есе жіберді. 

Осылайша ұлттық құрама өкілі жалпы есепте екінші сатыға тұрақтады. 

Айта кетейік, дәл осы Алан Құрманғалиев жуырда ғана әлемдік рейтингте бірден 971 саты жоғырылап, рекордттық нәтиже тіркеген еді. 

Бұған дейін 1269-шы болса, қазір алдыңғы үш жүздіктің қатарында.


Фото: дереккөз
Загрузка...