Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

16 Ақпан 2024, 17:01
305
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 338-орын) Палм-Коутта өтіп жатқан турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1/8 финалда Попко америкалық Феликс Корвинді (781-орын) екі сетте – 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Қазақстандықтың келесі қарсыласы АҚШ-тың тағы бір өкілі - Аксель Нефве (821-орын) болмақ.

Өзгелердің жаңалығы