Бұл туралы Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 13-ші отырысында ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Лин Цзи мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың және ҚХР Коммерция министрінің орынбасары мен ҚХР Коммерция министрлігінің халықаралық сауда келіссөздері төрағасының орынбасары Лин Цзидің төрағалығымен Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 13-ші отырысы өтті.
ҚР сауда вице-министрі Қайрат Төребаев өз сөзінде Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып табылатынын атап өтті.
Өздеріңіз білетіндей, біз белгіленген мерзімнен бұрын екі ел басшыларының екіжақты тауар айналымын 40 млрд долларға жеткізу жөніндегі міндеттеріне қол жеткіздік. Біз Қытай нарығына жеткізілетін қазақстандық өнімдер номенклатурасын одан әрі әртараптандыруға ниеттіміз. Қазақстан 135 тауар позициясы бойынша Қытайға $1 млрд сомаға қайта өңделген өнім экспортын қосымша арттыруға дайын, - деп хабарлады Қайрат Төребаев.
Қайрат Төребаевтың айтуынша, Қытайға жоғары сапалы және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде салқындатылған ет өнімдерін (оның ішінде ҰҚМ және ІҚМ), балық өнімдерін, құс етін және субөнімдерді, шошқа етін, жұмыртқа, жылқы етін және басқа да жоғары маржиналды тауарлардың көптеген түрлерін жеткізу болады.
Қазақстандық тарап сауданы ұлғайту мақсатында қытай тарапының инспекциясынан сәтті өткен ҚХР Бас кеден басқармасының тізіліміне қазақстандық компанияларды енгізу мәселесін жеделдетуді сұрады.
ҚХР Коммерция министрінің орынбасары және ҚХР Коммерция министрлігінің халықаралық сауда келіссөздерінде Қытай төрағасының орынбасары Лин Цзи "Made in KZ" тауарлары Қытайда сұранысқа ие екенін атап өтті. Қытайда қазақстандық өнімді танымал ету мақсатында Нанкин және Чэнду қалаларында өкілдіктер ашуды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты тауар айналымының құрылымын одан әрі ұлғайту және кеңейту үшін бірлескен шаралар қабылдау, сондай-ақ электрондық коммерция, ауыл шаруашылығы, шекара маңы ынтымақтастығы сынды салалардағы сауданың өсуі үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіру туралы келісті.