Қазақстандық таеквондошылар Фуджейра турнирінде 15 жүлде жеңіп алды

8 Ақпан 2022, 18:07
934
Бөлісу:
Қазақстандық таеквондошылар Фуджейра турнирінде 15 жүлде жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таеквондодан Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан рейтингілік турнирде қазақстандық жасөспірімдер 15 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әлібек Нұрғазы мен Арайлым Арапбай алтын медаль жеңіп алса, Әлішер Ақби, Әлтайыр Өмірбек, Нұрай Қазыбек, Әлия Қайыркеновалар күмісті қанағат тұтты. 

Жансерік Мұқанәлі, Сағыныш Бекзатұлы, Ерасыл Орынбасар, Карина Толоконникова, Аружан Әбдіқадыр, Альмира Қанат, Асылай Айдар, Екатерина Сватовскаялар турнирдің қола жүлдегері қатарында. 

Өзгелердің жаңалығы