Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық спортшы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

29 Қазан 2023, 09:25
1112
Бөлісу:

Албания астанасы Тиранада грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сұлтан Әсетұлы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда түркиялық Мұстафа Йылдырыммен белдескен Сұлтан 67 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

Тағы бір қазақстандық балуан Исхар Курбаев 55 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда Еуропа чемпионы, түркиялық қарсыласын жолдан тайдырды. Исхар енді алтын жүлдеге таласады.

Өзгелердің жаңалығы