Қазақстандық шенеуніктер Оңтүстік Кореямен тәжірибе алмасты

23 Қыркүйек 2022, 08:03
1268
Бөлісу:
Қазақстандық шенеуніктер Оңтүстік Кореямен тәжірибе алмасты

Қазақстандық шенеуніктер Оңтүстік Кореядағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін зерттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Мемлекеттік қызмет агенттігінің өкілдері Орталық Азия мен Кавказдың 6 елінен келген мамандармен бірге корейлік әріптестерінің жұмысымен танысты. Сапар Кореяның Ішкі істер министрлігі мен Ақпараттық қоғам ұлттық агенттігімен бірлесіп, Астана мемлекеттік қызмет хабы жобасы аясында өтті. Қазақстандықтар Аньян ақылды қала орталығында және басқа да ұйымдарда болды. Жергілікті сарапшылар қонақтарға Кореяда киберқауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететіні, бұлтты технологияларды және 5 G-ді қалай қолданатыны туралы айтып берді.

Адам ресурстарын басқарудағы стартегиялық элементтерді енгізу, стратегиялық басқаруға көшу. Таяуда ғана халыққа жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Агенттігіне осындай тапсырма берген болатын, - деді Астана Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов.

Өзгелердің жаңалығы