Қазақстандық шахматшы кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

27 Қазан 2023, 17:29
764
Бөлісу:
Қазақстандық шахматшы кадеттер арасында әлем чемпионы атанды
Фото: Шахмат федерациясы

Шарм-Эль-Шейхте (Египет) кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында Данис Қуандықұлы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Данистың бұл жетістігі ерекше назар аударуға тұрарлық. Өйткені ол ұзақ уақыт ішінде алғаш рет "ұлдар" санатында (2013 жылдан бері туған) Қазақстанға алтын медаль әкелді.

Тағы бір сәтті нәтиже - Айару Алтынбек қола жүлдесі. Турнирді жеңілістен бастаса да, ол 2011 жылдан бері туған қыздар санатындағы қола жүлде жеңіп алды.

Басқа спортшылар да жоғары спорттық дайындықтарын көрсетті. Әлихан Назарбек 2015 жылы туған ұлдар арасында 9-орын, Жансая Шолпанбек пен Әлия Жұмамбаева 2013 жылы туған қыздар санатында 5 және 6-орын алды.

Өзгелердің жаңалығы