Қазақстандық қос жасөспірім US Open турнирінің финалына шықты

3 Қыркүйек 2022, 05:33
888
Бөлісу:
Қазақстандық қос жасөспірім US Open турнирінің финалына шықты

Қазақстандықтар Сандуғаш Кенжебаева мен Аружан Сағындықова жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іріктеу сайысының 4-ракеткасы болып тіркелген С.Кенжебаева нидерландтық Мари Нейкампты тізе бүктірді.

Бірінші партияда Сандуғаш 1:4 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестіре білді. Сосын тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (8:6).

Екінші сетте 5:0 есебімен алға кетіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2.

С.Кенжебаева іріктеу сайыстарының финалында Польша өкілі Вероника Эвалдпен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, іріктеу сайыстарының 1-ракеткасы Аружан Сағындықова жапониялық Харука Хасегавамен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы