Қазақстандық оқушылар Қытай мәдениетімен танысуға барады

23 Тамыз 2019, 09:52
4259
Бөлісу:
Қазақстандық оқушылар Қытай мәдениетімен танысуға барады
VIDEO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы жастар жылы аясында Қытай елшілігі студенттер мен оқушылар үшін арнайы тур ұйымдастырды. Алдағы күндері қазақстандық 30-ға жуық оқушы Қытайдың төрт қаласын аралап, мәдени ошақтарын көреді, тарихымен танысады. Бұл туралы толығырақ ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо айтып берді.

Бірнеше күннен кейін Қытайға Қазақстаннан оқушылар сапарға шығады. Бұл сапарға сіздер де (журналистер – авт.) барасыздар. Оқушыларға Қытайға сапар ұйымдастыру идеясы аяқ астынан келген жоқ. Өткен жылдың қазан айында Елбасы осы жылды Жастар жылы деп  жариялаған болатын. Мен «Қытай елшілігі тілектестік және қолдау белгісі ретінде бұл бағдарламаға қалай атсалыса алады» деп ойлана бастадым. Себебі, Елбасының бағдарламасы көрегендікке және талапқа сай деп есептеймін. Ол елді болашақ жаңашылдыққа және дамыған, мықты Қазақстанды құруға бағытталған. Жастар жылы аясында осындай бірнеше тур ұйымдастырылды. Алдымен Қазақстан студенттерін, содан соң Шымкент жастарын жібердік. Енді міне, оқушылар барады. Негізгі идеясы – қазақстандық жастарға Қытайдың мәдениетін, тарихын, қазіргі дамуын, қарапайым адамдардың және құрдастарының өмірін таныстыру. Сондықтақ бағдарламада ірі және заманауи қалалар – Бейжің мен Шэньчжен, сан ғасырлық тарихы мен мәдениеті бар Хэнань бар. Онда шаолин монастыры бар. Яғни, бір сөзбен айтқанда, біз қазақстандық жастарға объективті, көпқырлы Қытайды көрсеткіміз келеді.


Дипломаттың айтуынша, Қазақстан мен Қытай экономикалық-саяси жағынан жақсы серіктес болғанмен, екі мемлекеттің жастары арасындағы мәдени-рухани байланыстың орны толмай отыр.

Осы лауазымда бір жылға жуық уақыт отырғанда, екі елдің халқы әлі бірін-бірі айтарлықтай танымайды деген ойға келдім. Әсіресе, жастар. Парадокс болса да, бұл – факт. Дипломатиялық қатынастардың осы жылдарында экономика, энергетика, жоғары технологиялар, коммуникация, инфрақұрылым т.б. салаларында ынтымақтастық сәтті дамып жатыр. Бірақ мәдени-гуманитарлық жағынан кемшін тұстарымыз бар. Мойындау керек. Біздің стратегиялық серіктестігіміздің ұзақмерзімді дамуы жағынан қарасақ, тез арада бұл олқылықтың орнын толтыру керек. Біздің жастарымызбен «жұмыс істейтін» адамдар бар. Егер біз өзіміз бұл проблеманы жоймасақ, онда біздің орнымызға басқа біреулер орнын толтырады. Жастар – біздің болашағымыз, екі елдің және мемлекетаралық қатынастардың болашағы. Сондықтан жастар үшін салым салу – өте тиімді және орны толатын болашаққа салым. Сондықтан біз осыған мән береміз. Жастардың рухани дамуы екіжақты стратегиялық әріптестіктің жарқын көрінісі болғанын қалаймыз.

Жақында Шымкенттен 50-ден астам жас Қытайға сапарға шықты. Неліктен Шымкент жастары кетті?

Неліктен Шымкент қаласын алдық? Мен Шымкенттің жақында жаңа статус алғанын білемін. Елбасының өңірлерді дамыту стратегиясы бар екенін білемін. Сондықтан мен әдейі Шымкент қаласын алдым. Біз үшін қытай тілін оқып жатыр ма, жоқ па, маңызды емес. Біз үшін олар қытайлықтардың қалай өмір сүріп жатқанын, нені ойлайтынын, не істейді, бұл елде Қазақстанға деген саясат қандай екенін білгенін, көргенін қалаймыз.

Мектеп оқушыларын іріктеуде белгілі бір талап болды ма?

Біз қала әкімдіктерімен, министрліктермен, ведомстволармен байланыса жұмыс істейміз. Турға балаларды солар таңдайды. Балалар әлі сапар аяқталмай, қуанып жатыр. Келесіде қашан барамыз деген ойы бар. Мұндай турларды екі жаққа да ұйымдастыру керек деп ойлаймыз.

Чжан Сяо жастар арасындағы байланысты нығайту мақсатында жастар форумын өткізуді жоспарлағанын айтты.

Бұдан бөлек мен екі ел студенттерінің қатысуымен жастар форумын өткізгім келеді. Жоспарым бар. Қазір форум өткізуге қолайсыз уақыт шығар. Қазақстан және Қытай жастары жаңа оқу жылына дайындалып жатыр. Қалай болмасын, біз келесі жылы бұл форумды өткіземіз. Бұл екі елдің жастарын жақындастырудағы дұрыс қадам болады. Қазір жастар арасында түрлі фобия бар. Түрлі нәрселер естиміз. Бірақ Қытайда Қазақстанға қатысты мұндай фобия жоқ. Біз бәріміз мұндай фобиядан өттік. Тек қазақстандықтар емес, Совет үкіметінің адамдары, қытайлықтар да бастан өткізді. Сондықтан бұл бізге ой салу керек.

Қазір Қытайда 15 мың қазақстандық білім алып жатыр. Болашақта Қытай үкіметі грант санын арттыруды көздеп отыр.

Қытай үкіметі Қазақстан жастарына білім алу үшін жыл сайын грант бөліп отырады. Қазақстандықтардың Қытайда білім алуға деген қызығушылығы жоғары екеніне қуаныштымын. Қазір Қытайда 15 мың қазақстандық білім алып жатыр. Бұл сан тез қарқынмен ұлғайып келеді.

Қытай үкіметі «Ақ кітап» атты еңбекті жарыққа шығарды.  Кітаптың мазмұны туралы толығырақ айтып берсеңіз.

Шыңжан халықаралық терроризм және экстремизммен күрес жағынан алғашқы орында тұр және өте үлкен материалдық шығын әкелді. Өкінішке қарай, бәріміз осы трагедиялық тарихтың куәгері болдық. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет мақсатында Шыңжан Ұйғыр автономиялық республикасында оңай емес, көпжылдық шаралар қабылданды. Олар жақсы нәтиже берді. 3 жыл ішінде бір рет террористік акт болған жоқ. Соған қарамастан, халықаралық терроризм және экстремизммен күрес жүйелі, кешенді және ұзақмерзімді жұмыс екенін білеміз. Радикалды және паллиативті шаралар қолдану керек. Белгілі бір адамдардың санасынан эсктремистік ойлауды жоюымыз керек. Міне, осындай мақсатпен ШҰАР-да кәсіби білім беру үшін оқу-даярлау орталығы құрылды. Мұндай орталықтарды құру Қытай конституциясы және заңнамасымен толық сәйкес келеді. Сондай-ақ, басқа елдердің осы бағыттағы тәжірибелері ескерілді. Сондықтан бұл жұмыс шу шығармау керек еді. Бірақ өкінішке қарай, әлемде арам пиғылды адамдар табылады. Олар түрлі айламен осы бағыттағы жұмысымызды «қаралайды». «Қытайда мұсылмандар үшін концлагер бар, онда адам құқығы тапталып, зорлық-зомбылық көрсетіп жатыр» дегенді айтады. Әрине, біз мұндай пікірге ашуландық. Міне, жаңадан шыққан «Ақ кітап» орталықтардың жұмысын нақты, дәл, шынайы баяндап береді. Кітапта орталыққа адамдарды дініне және ұлтына қарамастан алынатыны туралы айтылған. Ол жаққа экстремистік идеалогияға қудаланған, террористік топтарға қандай да бір қатысы болған, түрлі кішігірім құқықбұзушылықтарды жасағандар жіберіледі. Орталықтарда зорлық-зомбылық жоқ. Тәрбиеленушілердің құқығы мен басқа да бостандықтарына кепілдік берілген.

Біз қалай оқи аламыз? Кітапты қайдан алуға болады?

Кітаптың ағылшын тіліне аударылған нұсқасы бар. Болашақта орыс тіліне да аударылады. Егер біз алсақ, онда міндетті түрде сізге де ұсынамыз.

Орталықта тәрбиеленушілер не оқиды? Қандай пәндер бар?

Оларға не үйретеді? Алдымен, әркім дұрыс жазу, оқу және сөйлей білу үшін мемлекеттік тілді үйренеді. Қажетті пән – Қытайдың заңдары. Бұдан бөлек, тамақ пісіру, киім тігу, аяқ киім тігу, сән салонында жұмыс істеу, электронды коммерция біліктіліктерін меңгереді. Мұның бәрі тәрбиеленушілер орталықтан шыққаннан кейін қоғаммен араласып, жұмыс істеуге бейім болуы үшін жасалып отыр. Сондықтан бұл кітапты оқыған кез келген адам орталықтың түрме емес, концлагер де емес, адамдардың белгілі бір топтарына арналған мектеп екенін түсінетініне сенімдімін. ШҰЫР осындай орталықтар құру арқылы өз территориясындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке толассыз үлес қосып отыр. Сондықтан ШҰАР халықаралық қауымдастық тарапынан тиісті бағасын алу керек. Егер қандай да бір көмек қажет болса, біз көмектесеміз.

 Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келуі мүмкін.

ҚХР-ның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо BAQ.KZ тілшісіне эксклюзив сұқбатында Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданындағы қазіргі ахуал мен өңірдің тарихы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, елші 40 жыл бұрын Қытай кедей ел болғанын айтты.


Өзгелердің жаңалығы