Қазақстандық оқушылар физикадан олимпиадада бес медаль иеленді

17 Шілде 2023, 20:48
912
Бөлісу:
Қазақстандық оқушылар физикадан олимпиадада бес медаль иеленді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Токиода физика бойынша халықаралық олимпиада аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған әлемнің 83 елінен 415 оқушы қатысып, қазақстандық оқушылар төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болып, 100% нәтиже көрсетті: 

Ерсұлтан Пітебай - Алматы қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы; 

Алишер Еркебаев - Ақтөбе қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы; 

Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің оқушысы; 

Досжан Бисимби - Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің оқушысы; 

Даир Нұртаев - Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы; 

Құрама команданың жетекшілері- PhD докторы, Сүлейман Демирел атындағы университеттің доценті Самат Мақсұтов және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Андрей Сидоренко. 

Оқушылардың білімдері мен дағдылары екі тур бойынша сыналды. Бірінші тур теориялық есептер, екінші тур — эксперименттік, онда қатысушылар зертханалық жұмыстар жүргізді. Барлық тапсырмалар қызықты және мазмұнды болды. Олардың шешімі тапқырлық пен рефлексияны қажет етті. Біздің құрама тамаша нәтиже көрсетті, - дейді команданың ғылыми жетекшісі Самат Мақсұтов. 

Олимпиадаға қатысқан барлық жылдары қазақстандық оқушылар 114 марапатқа ие болды. Оның ішінде 14 алтын, 45 күміс, 29 қола медаль және 25 құрмет грамота бар.

Өзгелердің жаңалығы