Қазақстандық оқушылар физикадан Азия олимпиадасында топ жарды

Зияткерлік мектептердің екі оқушысы әлемдегі үздік жас физиктердің қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Баспасөз қызметі 28 Мамыр 2023 2023, 16:48
28 Мамыр 2023 2023, 16:48
1357
Фото: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Баспасөз қызметі

Зияткерлік мектептердің екі оқушысы әлемдегі үздік жас физиктердің қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Ерсұлтан Пітебай Asian Physics Olympiad-тың (APhO) жеңімпазы атанып, алтын медаль алды. Ол былтыр Үндістанда өткен сайыста қола медаль алған болатын.

Ал Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқушысы Әлішер Еркебаев Азия олимпиадасының қола жүлдесін екінші мәрте еншіледі.

APhO – Азия-Тынық мұхиты елдері оқушылары арасында 2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан беделді білім бәйгесі. Биылғы олимпиада Монғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өтті.

Наверх