Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық оқушылар Балқан өңірінің үздік математиктерінің үштігіне кірді

1 Мамыр 2025, 13:34
546
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) 22 елдің оқушылары қатысқан Балқан халықаралық математикалық олимпиадасы (BMO) аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық оқушылар ел қоржынына үш күміс және үш қола медаль салып, 100% көрсеткіш көрсетті.

Қазақстан құрамасы жалпы алты жүлде иеленді:

Күміс жүлде иегерлері:
• Амир Сахипов — Алматы қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
• Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum мектебінің 11-сынып оқушысы;
• Элдар Үсенов — Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:
• Дамир Нұрланов — Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
• Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;
• Бердібек Орынбасар — Атырау облысындағы №1 «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы.

«BMO олимпиадасына қатысу – Қазақстан құрамасының шілде айында Австралияның Квинсленд қаласында өтетін халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындығындағы маңызды кезең. Мемлекетке жас таланттарды қолдағаны үшін, сондай-ақ ұстаздарыма және барлық жаттықтырушы командаға кәсіби дайындық үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді олимпиаданың күміс жүлдегері Марғұлан Шарел.

Ұлттық құраманың жаттықтырушылары – Асылбек Исахов пен Мұхтар Қабақ.

Жас математиктерімізді құттықтаймыз!

Естеріңізге сала кетейік, бұл – қазақстандық оқушылардың екінші рекордтық нәтижесі. 2024 жылы да олар үздік үштіктен көрінген болатын.

Өзгелердің жаңалығы