Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында ел намысын қорғайды

Халықаралық білім додасына 26 елден шамамен 160 оқушы қатысады.

 Оқу-ағарту министрлігі Бүгiн 2026, 06:35
Бүгiн 2026, 06:35
152
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

2026 жылғы 15-20 маусым аралығында Румынияның Бузэу қаласында Жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасы (JBMO) өтеді. Халықаралық білім додасына 26 елден шамамен 160 оқушы қатысады.

Қазақстан құрамасы жарысқа алты оқушымен қатысады. Ұлттық құрама сапында Павлодар, Алматы, Маңғыстау, Түркістан өңірлерінің және Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мектептердің оқушылары бар.

JBMO – 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған беделді халықаралық олимпиада. Қазақстан бұл жарысқа 2004 жылдан бері қатысып келеді.

2025 жылғы олимпиадада қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын. Командалық есепте Қазақстан құрамасы 24 елдің ішінде екінші орын иеленді.

Наверх