Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық опера әншісі Қытайда өнер көрсетеді

27 Маусым 2025, 11:47
773
Бөлісу:
 Мәдениет және ақпарат министрлігі
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк Қытайда В. Моцарттың "Фигароның үйленуі" операсындағы графиня Альмавива партиясын алғаш рет орындайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қойылымдар 15, 17 және 19 шілде күндері Бейжіңдегі Ұлттық орындаушылық өнер орталығында өтеді. Ал 8-10 тамыз аралығында әнші Сиань қаласындағы Grand Opera House сахнасында өнер көрсетеді.

Қазақстандық опера әншісі Қытайда өнер көрсетеді

Бұл – Мария Мудряктың Қытайға бесінші гастрольдік сапары. Бұған дейін осы операда Сюзаннаның партиясын орындаған әнші биыл алғаш рет графиня Альмавиваның рөлін сомдайды. Бұл кейіпкердің терең әрі қарама-қайшы сезімдері туындыға ерекше драмалық әсер мен эмоциялық тереңдік береді.

Қазақстандық опера әншісі Қытайда өнер көрсетеді

Айта кетейік, Мария Мудряк Қазақстанда дүниеге келген. Ол бала кезінен-ақ ән айтуға қызығып, 10 жасынан бастап Италияда вокалдан дәріс алған. Сол жерде Ла Скала театрының балалар хорында шығармашылық жолын бастап, кейін Миландағы Дж. Верди атындағы консерваторияны тәмамдады. Қазір ол әлемнің жетекші опера сахналарында өнер көрсетіп жүр және әлемдегі ең үздік он сопраноның бірі саналады.

Қазақстандық опера әншісі Қытайда өнер көрсетеді

Әншінің Қытайға сапары – оның халықаралық мансабындағы тағы бір маңызды қадам. Бұл гатрольдік сапарда қытайлық көрермен өнерпаздың қайталанбас зор дауысы мен актерлік шеберлігін тамашалай алады.

Өзгелердің жаңалығы