Қазақстандық мұғалімдердің 80%-ы мамандығын қайта таңдауға дайын

26 Тамыз 2026, 12:21
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов 26 Тамыз 2026, 12:21
26 Тамыз 2026, 12:21
124
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Конституция – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында өтіп жатқан тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Ұстаздың беделін нығайтып, оларды жан-жақты қолдау үшін белсенді жұмыс атқарылып жатыр. «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Биыл осы заңға толықтыру енгізіліп ұстаздарға қосымша құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер берілді. 5 қазан күні ұстаздардың кәсіби мерекесі ретінде нақты бекітілді. Мемлекеттік марапаттар тізіміне «Қазақстанның еңбек сіңірген атағы» енгізілді. Бұл мәртебелі наградамен марапатталған тұлғаларға қомақты сыйақы беріліп жатыр, - деп айтты ол.

Қазірдің өзінде 100-ге жуық мұғалім марапатталды.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Басқа да лайықты ұстаздар мемлекет назарынан тыс қалмай, осы құрметті атаққа ие болары күмәнсіз. Соңғы 3 жылда еліміздегі 3 мұғалімге ең жоғары мемлекеттік награда «Қазақстанның еңбек ері» атағы берілді. Бұл ұстаздар қауымына деген айрықша құрметтің белгісі екені сөзсіз, - дейді Президент.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Тоқаевтың айтуынша, TALIS-2024 (Teaching and Learning International Survey) зерттеуінің нәтижесіне сәйкес, Қазақстан мұғалімдерінің беделін нығайту көрсеткіші жөнінен 2-орында тұр. Сондай-ақ ұстаздардың еңбекақыға қанағаттану өлшемі бойынша еліміз әлемдегі алғашқы бес мемлекеттің қатарына кіреді. Атап айтқанда, ұстаздардың 95%-ы өз жұмыстарына көңілі толатынын айтқан, ал 80%-ы осы мамандықты қайта таңдауға дайын екенін жеткізген.

Еске сала кетейік, жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден астам ұстаз арнайы келген.

Жиынның ашылуында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім саласындағы өзгерістер мен педагогтерді қолдауға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Сөзінше, Қазақстанда мұғалімдердің жалақысына білім саласы қаржысының 65,9%-ы жұмсалады. Білім саласына бөлінетін қаржы үш еседен астам артты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президент ұстаздарға «озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуде зор еңбек сіңіріп жүрсіздер» деген болатын

Тағы оқи отырыңыз:

Оқу-ағарту министрі қазақстандық оқушылардың тарихи жетістігін атады

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысына білім саласы қаржысының 65,9%-ы жұмсалады

Табанды еңбек кез келген уақытта табысқа жетелейді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Наверх