Астанада педагогтердің тамыз конференциясы өтіп жатыр – фоторепортаж

Бұл дәстүрлі жиын биыл 600 маманның басын қосты.

26 Тамыз 2026, 09:53
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов 26 Тамыз 2026, 09:53
26 Тамыз 2026, 09:53
165
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Бүгін Астанада педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтіп жатыр. Биылғы жиын «Жаңа Конституция – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан конференцияға еліміздің өңірлерінен келген мұғалімдер, білім беру саласының мамандары мен сарапшылар қатысуда. Бұл дәстүрлі жиын биыл 600 маманның басын қосты.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Іс-шара аясында Тәуелсіздік сарайының бірінші қабатында «Білім болашағы» көрмесі ұйымдастырылған. Экспозицияда білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңа технологиялар мен заманауи жобалар таныстырылып жатыр.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Көрмеде робототехника, цифрлық білім беру, жасанды интеллект элементтері, мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған бағдарламалар және оқу процесін жетілдіруге бағытталған түрлі технологиялық шешімдер ұсынылған.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Келушілер оқушылардың техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жобалармен, білім беру ұйымдарында қолданылатын заманауи құралдармен және педагогтердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған цифрлық шешімдермен таныса алады.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Көрме алаңында педагогтер жаңа жобалардың мүмкіндіктерін көріп, мамандармен пікір алмасып, білім беру саласындағы заманауи технологияларды талқылауда.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Конференция бағдарламасында пленарлық отырыс, педагогтердің баяндамалары және үздік ұстаздарды марапаттау рәсімі қарастырылған.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп жоспарланған.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Биылғы тамыз конференциясында білім беру жүйесінің жаңа оқу жылындағы негізгі басымдықтары талқыланып, педагогтердің кәсіби дамуы, цифрландыру және жаңа технологияларды білім беру процесіне енгізу мәселелеріне назар аударылмақ.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Наверх