Қазақстандық компания бұрынғы ArcelorMittalTemirtau кәсіпорнына инвестор болды

8 Желтоқсан 2023, 14:28
447
Бөлісу:
Қазақстандық компания бұрынғы ArcelorMittalTemirtau кәсіпорнына инвестор болды

Қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittalTemirtau кәсіпорнына инвестор болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық Qazaqstan Steel Group атынан кәсіпкер Андрей Лаврентьев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен ArcelorMittalTemirtau активтерін сатып алу туралы келісімге қол жеткізді.

Келісім шарттары бойынша QSG АМТ активтері 286 млн.-ға $ сатып алынды, сондай-ақ жыл сайынғы 4 рет тең жарнамен төленетін 450 млн.$ мөлшеріндегі қаражат кепілді түрде кейінге қалдырылған төлемдерді жүзеге асырады. Сонымен қатар, келісім жабылған кезде тағы АМТ-ның өтелмеген топішілік қарызын төлеу ретінде 250 миллион доллар төленеді.

Сол сияқты кейіннен $3 млрд астам қаржыны инвестициялау бойынша міндеттемелерді өзіне алады, оның ішінде 1,3 млрд. келесі жылы инвестицияланатын болады.

Ұлттық инвестор қысқа мерзім ішінде келесі міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алып отыр:

- Жұмыс барысындағы ұжымдық келісімшарт пен кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын төлеу жүйесінің сақталуын;

- Өндіріс орнының қауіпсіздігін және экологиялық ахуалын одан әрі жақсарту;

- Өндірісті жаңғырту және қайта ұйымдастыру;

- Шығарылатын өнім көлемін, номенклатурасын және түрлерін ұлғайту.

Компания кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізгеннен кейін нақты мәліметтерді инвестордың ресми өкілдері арқылы беретінін хабарлайды.

Өзгелердің жаңалығы