Қазақстандық команда пара жүзуден қола медаль жеңіп алды

26 Қазан 2023, 05:13
460
Бөлісу:
Қазақстандық команда пара жүзуден қола медаль жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында 4х50 м аралас кешендік эстафетада қазақстандық пара жүзушілер (3:03.74) қола жүлдені еншіледі. Бұл туралы BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

1 орын – Қытай командасы (2:30.36).
2 орын – Жапониядан келген команда (2:49.49).
Қазақстандық команда сапында: Зульфия Габидуллина, Сиязбек Далиев, Наталья Звягинцева және Айсұлтан Құлқаев бар.

Өзгелердің жаңалығы