Қазақстандық-италиялық өнеркәсіптік жобалар пулы құрылады

Қазақстандық-италиялық өнеркәсіптік жобалар пулы құрылады
310

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Қазақстанның Италиядағы елшісі Ерболат Сембаев бастаған Италиядан келген делегациямен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу машина жасау және металл өңдеу бойынша өткен оныншы халықаралық көрме аясында өтті.

Екіжақты кездесу тек машина жасау саласында ғана емес, металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс индустриясы салаларында да ынтымақтастықты белсенді түрде арттыруға және екі ел арасында серіктестікті қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Италиядан крандар, клапандар, сорғылар, желдеткіштер мен түрлі жабдықтарды импорттайды. Осыған байланысты екі тарап жоғарыда аталған салаларда ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Өз кезегінде Италияға елімізден экспортталатын негізгі тауарлар ферроқорытпалар, өңделмеген алюминий, бағалы материалдардың сынықтары, болат өнімдері және қорғасын болып табылады.

Бүгінгі таңда елді индустрияландыру құралдарының бірі ретінде өнеркәсіп салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жақын арада қазақстандық-италиялық өнеркәсіптік жобалар пулы құрылады деп күтілуде, – деп атап өтті Марат Қарабаев.

  Инвесторлар үшін барынша тартымдылықты қалыптастыру мақсатында ерекше жағдайлар жасалған. Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың 7 айында 9,2 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстаннан Италияға экспорт көлемі биыл 7 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артып, 8,7 млрд АҚШ доллары көлемінде.

Импорт мәселесіне келетін болсақ, 2022 жылдың 7 айында импорт көлемі 9,7 пайызға артқан. Айта кетерлігі, Италия машина жасау, металлургия, мұнай химиясы және жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша үшінші орында, аяқ киім өндірісі бойынша екінші орында.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы