Қазақстандық ғалымдар 40-тан астам экологиялық жобаны жүзеге асырып жатыр

9 Наурыз 2022, 12:50
1463
Бөлісу:
Қазақстандық ғалымдар 40-тан астам экологиялық жобаны жүзеге асырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҒМ Ғылым қорының қолдауымен қазақстандық ғалымдар 40-тан астам экологиялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Мысалы, Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия инстиутының ғалымдары газ тәрізді қалдықтарға арналған сүзгілерді жасады (газ шығарындыларындағы улы компоненттердің каталитикалық түрлендіргіштері). Мұнай өндіруші кәсіпорындар объектілерінде осындай сүзгілерді орнату Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарындағы ауаға улы газ шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Ғылыми әзірлемелерінің арқасында ғалымдардың табысы 336 млн теңгеден асты.

Біз түтін газдарына арналған арнайы сүзгілер өндірісін ұсынып жатырмыз. Көп деңгейлі сүзгілер улы компоненттерден тазартып қана қоймайды, сонымен қатар парниктік газдарды, ең алдымен СО2 алады, содан кейін оларды пластикке, маталарға, шайырларға және басқа өнімдерге айналдыра алады. Біз көмір арқылы жұмыс істейтін еліміздің барлық ЖЭО–ларын тазарту құрылғыларымен жабдықтауға дайынбыз, – деп атап өтті техника ғылымдарының кандидаты, Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия инстиутының ғалымы Болатбек Құсайын.

Инновациялық зерттеулер мен технологиялар институтының ғалымы Майлыби Алдабергенов тағам және ауылшаруашылық қалдықтарынан күрделі қоспадан тұратын құрама жем алу технологиясын жасады. Бұл құрама жемдер ақуыздардың, амин қышқылдарының, дәрумендердің, микроэлементтердің және басқа да пайдалы компоненттердің толық жиынтығына ие. Сатудан түскен табыс шамамен 250 млн теңгені құрады.

Сыра қайнату зауыттары, этил спиртін өндіретін кәсіпорындар өндіріс қалдықтарын - сыра бытырасын, спирт бардасын, бидай кебегін, жүзім және алма күнжарасын тастайды. Алайда, бұл қалдықтарды толыққанды жем алу үшін пайдалануға болады. Осылайша, біз жануарлар мен құстарға арналған жоғары протеин және оңай сіңірілетін құрама жемді қалдықсыз өндіру технологиясын әзірледік, – деп бөлісті химия ғылымдарының докторы Майлыби Алдабергенов.

Зерттеушілердің экология және социум – ESG, яғни экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару мәселелерін шешуге бағытталған басқару технологиялары бойынша әзірлемелері бар. 

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы пленарлық отырысында ESG - жаһандық энергетикалық және технологиялық көшу талаптарын күшейту жағдайындағы инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасының маңыздылығын атап өтті. Біз осы бағытта жұмыс жүргіземіз, зерттеушілердің ғылыми әзірлемелерін коммерцияландырамыз. Ғалымдар өндірістік, азық-түлік және ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу, экологиялық таза өнім алу, көгалдандыру және баламалы энергия өндіру бойынша жобалар әзірлеп жатыр, – деп атап өтті БҒМ «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арын Орсариев.

Өзгелердің жаңалығы