Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері gosagro.kz порталы арқылы субсидиялауға 131 227 өтінім берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, 29 811 өтінім қараудан бас тартылса, 127,8 млрд теңгеге 51 699 өтінім мақұлданып, «күту парағына» орналастырылған.
Бұл өтінімдерді жүйе толығымен өңдеп, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармалары қазынашылық жүйесі арқылы төлейді. Бүгінгі таңда фермерлерге шамамен 110 млрд теңге төленді.
Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша 47 млрд теңгеге өтінім мақұлданды, бүгінде оның 41,4 млрд теңгесі төленді.
Жалпы, былтырғы жылғы қарыздарды ескере отырып, СБМАЖ жүйесі арқылы 184,4 млрд теңге төленді.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 256,3 млрд теңгеге 12 490 өтінім берілді. Ауыл шаруашылығы басқармаларымен мақұлданып, 64,7 млрд теңге сомасын құрайтын 3 014 өтінім резервке жіберілді.
Осылайша, Ауыл шаруашылығы басқармаларының бірыңғай резервіне 103,5 млрд теңгеге 4 936 өтінім мөлшерінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша ұсыныстар енгізілді. Ережеге сәйкес бұл ұсыныстарға қол қаражаттың түсуіне қарай шарт жасалған соң қойылатын болады. Келісілу мен қол қою сатысында резервтен 2 317 шарты бар.
1 355 шартқа қол қойылды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда СБМАЖ-ға 55 389 пайдаланушы тіркелген.