Қазақстандық екі жас теннисші әлемдегі үздік 100 ойыншының қатарына кірді

27 Қазан 2022, 18:34
977
Бөлісу:
Қазақстандық екі жас теннисші әлемдегі үздік 100 ойыншының қатарына кірді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кіші жастағылар арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бқл  туралы ҚазАқпарат жазды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Аружан Сағындықова 77-орынға орнықты.

Аружанды өкшелеп келе жатқан Сандуғаш Кенжебаева 79-дан 78-ге көтерілді.

Жанель Рүстемова 147-орында болса, бірден 49 сатыны артқа тастаған Дана Байдәулет әлемнің 167-ракеткасы атанды. Еркежан Арыстанбекова 193-інші, Айя Нұпбай 211-сатыда (+47) тұр. Өткен аптамен салыстырғанда, Асылжан Арыстанбекова (+10, 213-ракетка) мен Іңкәр Дүйсебай (+33, 459-ракетка) да өз көрсеткіштерін жақсартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Швейцариядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

 

Өзгелердің жаңалығы