Қазақстандық екі теннисші Мысырдағы турнирде кездесті

8 Желтоқсан 2022, 20:39
1485
Бөлісу:
Қазақстандық екі теннисші Мысырдағы турнирде кездесті

Қазақстандықтар Жанель Рүстемова мен Аружан Сағындықова Мысырдың Шари-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің алғашқы айналымында өзара кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 жастағы Жанель негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алды. Жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста Рүстемова 17 жасар командалас құрбысы Сағындықованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Жанель ширек финалға шығу үшін турнирдің 7-ракеткасы, франциялық Наийя Берекоэчэамен таласады.

Осы жарыста Рүстемова мен Сағындықова жұптық сында ширек финалға шықты. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, олар ресейлік Елизавета Машна – Елизавета Морозовамен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Өзгелердің жаңалығы