Қазақстандық делегация БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің конференциясына қатысты

8 Желтоқсан 2023, 22:34
552
Бөлісу:
Қазақстандық делегация БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің конференциясына қатысты
Фото: gov.kz

Қазақстандық делегация БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің V министрлік конференциясына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның қорғаныс ведомствосын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің бітімгерлік қызметі мәселелері жөніндегі V министрлік конференциясына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен барған делегация қатысты.

Гана Республикасының астанасы Аккра қаласында Қорғаныс және сыртқы саясат ведомстволары басшыларының кездесуі өтті.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Жан-Пьер Лакруа мен Атул Харе төрағалық еткен іс-шараға 91 шет мемлекеттің, одан өзге тоғыз халықаралық және аймақтық ұйымдардың делегациялары қатысты.

Конференцияда БҰҰ-ның бітімгерлік қызметі аясындағы ағымдағы тәуекелдер мен сын-қатерлер, БҰҰ-ға мүше барлық елдің күш-жігерін шоғырландыру арқылы оларды шешу мүмкіндіктері де талқыланды.

Қазақстандық тарап жалпы бітімгерліктің маңыздылығын атап өтіп, конференцияға қатысушыларды Қазақстанның бітімгерлік қызметінің қазіргі жағдайы мен даму көкжиегінен хабардар етті. Қорғаныс ведомствосы өкілінің баяндамасын конференцияға қатысушылар жоғары бағалады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы министрлік конференциясы аясында әріптес елдердің өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Өзгелердің жаңалығы