Қазақстандық бұрымды балуандар Болгарияда екі алтын иеленді

13 Мамыр 2022, 19:37
1209
Бөлісу:
Қазақстандық бұрымды балуандар Болгарияда екі алтын иеленді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық бұрымды балуандар Болгарияда өткен халықаралық турнирді сәтті бастады деп хабарлады Olympic.kz.

Болгарияда әйелдер күресінен «Петро Сираков және Иван Илиева» атындағы халықаралық турнирі басталды. 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен халықаралық бәсекеде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды.

Алғашқы жарыс күнінде жеңіс тұғырынан көрінген қазақстандық спортшылар тізімі келесідей: 

Алтын – Диана Каюмова (59 келі)

Алтын – Гүлсеназ Бухаева (65 келі)

Күміс – Лаура Алмағанбетова (55 келі)

Қола – Ағайша Ибрашева (59 келі)

Қола – М. Иманбекова (68 келі).

Өзгелердің жаңалығы