Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы әлем кубогына қатысады

10 Наурыз 2023, 00:10
1773
Бөлісу:
Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы әлем кубогына қатысады
Фото: sports.kz

Қазақстан 14-19 наурыз аралығында Будвада өтетін «Адриатика інжу-маржаны» («Жемчужина Адриатики») атты бокстан халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) аталған турнирдің маңыздылығын атап өтті. Өйткені, жарыс жастар арасында әлем кубогы мәртебесіне ие. Бәсекеде 2005-2006 жылдары туған ұлдар мен қыздар бағын сынайды. Атап айтқанда, ұлдар 13, ал қыздар 12 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Қазақстаннан бөлек әлем кубогына Куба, Ресей, Бразилия, Түркия және басқа да елдерден спортшылар қатысады. IBA бұл жарысты 23 сәуір мен 4 мамыр аралығында Ереванда (Армения) өтетін Еуропа жастар чемпионатына дайындық кезеңі ретінде қарастырады.

Өзгелердің жаңалығы