Қазақстандық боксшылар Сербияда 13 медаль жеңіп алды

3 Сәуір 2022, 15:25
1870
Бөлісу:
Қазақстандық боксшылар Сербияда 13 медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербия астанасы Белградта бокстан кезекті Бранко Пешич мемориалы халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 13 жүлде жеңіп алды: бір алтын, төрт күміс және сегіз қола. Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз «алтынды» Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келіге дейін) салды.

Белград төрінде Олжас Байниязов (54 келі), Нұржан Аманкелді (71 келі) және Иляр Әшіров (75 келі) күміс медаль жеңіп алды. 

Ал Теміртас Жүсіпов (51 келі), Қуаныш Дүйсенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Дәулет Нысан (67 келі), Армат Арманұлы (71 келі) және Мәди Әміров (86 келі) қола жүлдеге ие болды.

Өзгелердің жаңалығы