Қазақстандық боксшылар әйелдер арасындағы турнирде 11 медаль еншіледі

12 Қыркүйек 2022, 08:19
1240
Бөлісу:
Қазақстандық боксшылар әйелдер арасындағы турнирде 11 медаль еншіледі

Польшадағы бокстан әйелдер арасындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті. Спортшылар 11 медаль олжалады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтын медальды Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова иеленді. Күміс жүлде Валентина Хальзоваға бұйырды.

Жеңістің үшінші тұғырына Балауса Мұздыман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мәдина Нұрашева көтерілді.

Өзгелердің жаңалығы