Қазақстандық бітімгерлерді Донбасқа жіберу мәселесі қарастырылмаған – Қорғаныс министрлігі

3 Мамыр 2022, 13:48
1440
Бөлісу:
Қазақстандық бітімгерлерді Донбасқа жіберу мәселесі қарастырылмаған – Қорғаныс министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов   ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтен ҰҚШҰ-ға мүше елдер арасында Донбасқа бітімгершілік күштерін жіберу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүріп жатыр ма және оған Қазақстанның қатыса ма деген сауал қойды.

Бұл сұрақ қазіргі геосаяси жағдайға қатысты қазақстандық қоғамды алаңдатып отыр. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін бітімгершілік операцияларда пайдалану тек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары негізінде жүзеге асырылады. Осы қаулы негізінде Мемлекет басшысы Парламентке ұсыныс енгізеді. Ал Парламент бекіткеннен кейін ғана Қарулы Күштерді пайдалануға болады. Қазіргі уақытта бұл мәселе тіпті қарастырылмаған. Бұл мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатқан жоқ, - деп жауап берді Камалетдинов.

Ол атағандай, қазіргі таңда бұл мәселе қаралып отырған жоқ. Ешқандай келісім де жүргізілмеген. 

 

Өзгелердің жаңалығы