Қазақстандық азамат 600 мың теңгеге дәрігер дипломын сатып алмақ болды

Алаяқ 600 000 теңгеге дипломды «дайындап беремін» деп уәде берген.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 17:13
Бүгiн 2026, 17:13
110
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстандық азамат 600 мың теңгеге дәрігер дипломын сатып алмақ болған, длеп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Үржар ауданының 24 жастағы тұрғыны полицияға 2025 жылдың ақпан айында алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған.

Тергеу барысында 44 жастағы әйел медициналық дипломды «дайындап беремін» деген желеумен жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның 600 000 теңге қаражатын иемденгені анықталды. Алайда уәде етілген құжат берілмеген.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды, деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін 40 адамға жалған медициналық анықтама жасаған медбике ұсталды

Наверх