Қазақстандық Анджелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Анджелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды
779

Қазақстандық боксшы Анджелина Лукас UBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы атағы үшін Танзания өкілі Лулу Кайагемен жекпе-жек өткізіп, оны жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл – қазақстандықтың кәсіпқой үшінші жекпе-жегі. Ол 11 желтоқсанда өтті және он раундқа жоспарланғанымен, ол тек екеуімен аяқталды. Лулу Кайаге жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Анджелина Лукас кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізіп, UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, Лулу Кайаге профессионалдарда тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады.

Алдыңғы жекпе-жегінде Лукас UBO International титулын жеңіп алды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы