Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық алып күш иесі үш әлемдік рекордты жаңартты

28 Мамыр 2025, 21:05
830
Бөлісу:
 спорт комитетінің баспасөз қызметі
VIDEO
Фото: спорт комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстандық алып күш иесі Миланда Guinness Records кітабы бойынша үш әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Спорт комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Сергей Цырульников Миланда (Италия) Guinness World Records өкілдері тіркеген үш әлемдік рекордты бірден жаңартты.

Қол жеткізген жеңістерін Қазақстан халқына арнайтынын айтқан спортшы: 

Бұл тек физикалық күш емес. Бұл – ата-бабаларымыздан мирас болған рухтың күші, ұлттық ерік-жігеріміздің символы, – деп атап өтті.

Алып күш иесі 57 секундтың ішінде өлшемі 22×8 мм болатын 14 темір тағаны бүктеп, бір минутта тоғыз резеңке жылытқышты үрлеу арқылы жарып, сондай-ақ бір минутта жалаң қолмен шойын табаға 19 шеге қаққан.

Бұл жетістіктердің барлығы Италияның Lo Show Dei Record телешоуы аясында ресми түрде тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы