Қазақстанды келешекте қандай мәселелер күтіп тұр?

6 Желтоқсан 2023, 15:15
5117
Бөлісу:
Қазақстанды келешекте қандай мәселелер күтіп тұр?
Фото: pixabay.com

Экономикалық зерттеулер инстиуты еліміздің алдында тұрған ең маңызды мәселелерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су

Қазақстанның су ресурстарының 46%-і тыс жерлерде қалыптасады. Сегіз су шаруашылығы бассейнінің жетеуі трансшекаралық, бұл біздің елімізді суға тәуелді мемлекет етеді.

Жайық-Каспий бассейні 80%-ке Ресейге тәуелді. Арал-Сырдария бассейні 90%-ке көршілес елдерге тәуелді.

Шу-Талас бассейні 75%-ке Қырғызстанға тәуелді. Балқаш-Алакөл бассейні 45%-ке көршілес елдерге тәуелді. Қазақстан трансшекаралық өзендерден суды тасымалдау кезінде 40%-ін жоғалтады. Су қауіпсіздігі — Қазақстан алдында тұрған ең маңызды негізгі сын-қатерлердің бірі.

Қазақстанды келешекте қандай мәселелер күтіп тұр?

Мұнай және уран

Елдер мұнайдан бас тартуға дайын ба?

Сауд Арабиясының Aramco компаниясын қоса алғанда, 50 мұнай-газ компаниясы 2050 жылға қарай әлемдегі климаттың жылынуын тудыратын газдардың атмосфераға шығарылуын тоқтатуға уәде берді.

Осылайша, 2030 жылға қарай метан шығарындылары нөлге дейін төмендеуі керек. Bloomberg жазғандай, мәміле дау тудырады, өйткені екі кәсіпорын да мұнай мен газ өндіру көрсеткішін төмендетуге келіспейді.

Қазақстан осы қол қоюға қатысты. ҚазМұнайГаз да шығарындыларды азайтуға міндеттенді. Қытайдың ірі мұнай газ компаниялары қол қоюшылар қатарына қосылмады. Сонымен қатар, Дубайда 22 ел 2050 жылға қарай атом энергетикасы қуатын үш есе арттыру туралы декларацияға қол қойды.

Қазақстанды келешекте қандай мәселелер күтіп тұр?

Ұлттық экономика министрілінің пікірі:

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша болжам жасады. Ол мұнайдың бағасы барреліне 80 доллар болса, базалық сценарий қалай өрбитінін айтты.

Болжам бойынша 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,3 пайыз болмақ. Кейін 2026-2028 жылдары 6 пайызға дейін өседі. 5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі -
5,8 пайыз. Номиналды жалпы ішкі өнім 2024 жылғы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың барлық базалық салаларында оң динамика күтілуде, – деді Қуатыров.

Оның сөзінше, шикізаттық емес сектор болжамды өсудің негізгі драйверлерінің біріне айналады.

Өнеркәсіптегі орташа жылдық өсу қарқыны 2024-2028 жылдары 4 пайызға жетпек. Өңдеу өнеркәсібі орта есеппен 4,9 пайыз деңгейінде өседі және тау-кен өнеркәсібінің өсу қарқынынан озып кетеді. Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында өндірісті кеңейту есебінен мұнай өндіру 100 млн тоннадан асады. Ауыл шаруашылығының орташа жылдық өсімі 4,5 пайызға өседі. Инвестицияларды игеру жағдайында құрылыс саласымеиның жоғары өсу қарқыны күтілуде, – деді ол Сенаттың жалпы отырысында. 

Қазақстанды келешекте қандай мәселелер күтіп тұр?

Логистика

Қазақстанда халықаралық тасымалдар үшін автокөлік сатып алу үшін жеңілдікті жағдайлар жасалады: Көлік министрлігінде ершікті тартқыштардың отандық өндірісін дамыту жоспарлануда.

Қазақстан 52 шекара маңындағы өткізу бекетінің 45-ін жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыстар көрші елдермен үйлесімді жүргізіліп келеді. Қабылданып жатқан шаралар өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін төрт есеге дейін ұлғайту бойынша жағдай жасайды және тексеру уақытын 20 минутқа дейін қысқартады. Отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі мәселесінде автокөлік құралдарының жеткілікті паркінің болуы шешуші рөл атқарады.

Үкімет отырысында Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев айтуынша, елімізде алыс шетелге жүк тасымалдайтын 300 отандық компания 7 600 көлікпен жұмыс істейтінін атап өтті. 

Тасымалдар үкіметаралық келісімдер аясында 42 елмен іске асырылады. Олардың негізінде жыл сайын 170 мыңға жуық рұқсат беру бланкісі алмастырылады. Биыл 9 айда жүк тасымалы 5,5 млн тонна болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық. Тасымалдағы отандық операторлардың үлесі – 42 пайыз, - деді вице-министр.

Көлік министрлігі былай дейді:

Сәтжан Аблалиев транзинттік тасымалдарда оң үрдіс байқалып отырғанын айтады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 44 пайыз деңгейінде. Негізгі жүк көлемі Қытайға тиесілі және ол соңғы жылдары 2 есе өсімді көрсетіп отыр.

Жыл сайын Қытайдан Еуропаға теңіз жолымен 1 млрд 600 млн тоннаға дейін жүк тасымалданады. Қазақстан арқылы автокөлікпен тасымалданатын транзинттік жүк көлемі 1 пайыздан аспайды. Әлемдік тәжірибеде тез бүлінетін медициналық, қымбат және қысқа мерзімде жеткізілуді талап ететін тауарлар негізінен автокөлікпен тасымалданады. Сондықтан Қытайдан Еуропаға баратын жүктердің Қазақстан арқылы транзинтпен өту көлемін ұлғайтудың үлкен әлеуеті бар.

2029 жылға қарай транзиттік тасымал көлемі 5 есе артады деген болжам бар. Бұған биыл енгізілген Қытаймен визасыз режим, Қазақстан мен Қытай аумағы арқылы өтетін еркін транзитке мүмкіндік берген жаңа келісім ықпал етеді. Бұдан басқа Қытай тарапы «Тиркорнет» еуропалық жеңілдетілген шекарадан өту жүйесінің мүшесі болып қабылданды. Ол кедендік тексерусіз транзиттік жол жүруге мүмкіндік береді. Қытай транзиті 3 есе артады деп болжанып отыр. Бұл жыл сайын Қазақстан экономикасына 263 млрд теңгеге жуық түсуді қамтамасыз ете алады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы