Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады

Олжас АДАЙ
31 Шілде 2025, 13:28
999
Бөлісу:
 Олжас Адай - архив
Фото: Олжас Адай - архив

Бұл туралы Үкімет отырысында өткен брифингте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үшінші АЭС-те Қытай тарапынан. Ол – нақты. Атом энергетика агенттігіндегі әріптестеріміз бен ТЭО атом электр станциясы учаскелерді зерттеп жатыр. Ол жер сумен жабдықталуға тиіс және электр энергиясымен қамтылуы керек. Жақын арада жұмыс аяқталады. Меніңше, биыл нақты жариялануы керек, – дейді Скляр.

Бұған дейін Қазақстанда тұңғыш АЭС-ті "Росатом" компаниясы, екінші АЭС-ті China National Nuclear Corporation салатыны хабарланған еді. Вице-премьердің сөзінше қытайлық China National Nuclear Corporation елімізде үшінші АЭС-ті де салуы әбден мүмкін.

Белгілі болғандай, Ресей Қазақстандағы АЭС-ті 12 жылда салып бітпек.

2025 жылғы 27 маусымда Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Парламенті Палаталары бірлескен отырысының кулуарында елімізде салынатын алғашқы атом электр станциясының құны шамамен қанша болатынын айтты. Ол жалпы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып айтатын болсақ, мұндай деңгейдегі станцияның құны 14 миллиард долларды құрайды деген еді.

Жалпы АЭС құрылысына қаржы қайдан алынатыны жайлы да жаздық. 

Өзгелердің жаңалығы