Қазақстандағы наркологиялық орталықтар жаппай тексеріледі

Министрлік бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайтынын атап өтті.

 Денсаулық сақтау министрлігі Бүгiн 2026, 08:57
Бүгiн 2026, 08:57
125
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізуді бастайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде анықталған заңбұзушылықтарға арналған кеңесте мәлімдеді.

Кеңес барысында азаматтардың шағымдары, депутаттық сауалдар және алкогольдік масаң күйді анықтау рәсімдерін өткізу кезінде талаптардың сақталмауына қатысты деректер қаралды.

Министр Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне барлық өңірлік наркологиялық орталықтарды тексеріп, медициналық куәландыру тәртібі мен қолданыстағы стандарттардың сақталуын бақылауды тапсырды.

Ведомство басшысының айтуынша, тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жолданады. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық куәландыру рәсімдерінің ашықтығын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Министрлік бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Наверх