Астанадағы «Қазанат» ипподромында Қазақстандағы алғашқы аэротаксидың демонстрациялық ұшуы өтті. Іс-шараға ондаған БАҚ өкілі қатысып, еліміздегі қалалық әуе мобильдігін дамыту жобасының алғашқы нәтижесіне куә болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көрсетілген eVTOL AutoFlight Prosperity аппараты бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған. Ол сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшып, бір қуатпен 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады. Ұшу-қону жолағын қажет етпейтін бұл әуе көлігі электр қуатымен жұмыс істеп, тік көтеріліп, тік қонады.
Аэротакси шынымен қандай? Оның ішінде не бар, қандай технология қолданылған және Қазақстанда алғашқы коммерциялық рейстер қашан басталады? Бұл туралы арнайы репортажымыздан көріңіздер.
Еске салайық, бұған дейін Астанада аэротакси ұшатыны хабарланған болатын.
Бүгін Қазақстан әлемдегі санаулы елдердің қатарына еніп, Астанада алғашқы аэротакси таныстырылды.
Бір сағатта қуатталып, тік көтерілетін Қазақстандағы аэротаксидің ерекшелігі қандай екені айтылды.
Сондай-ақ, бұған дейін Alatau City-де аэротакси сыналған болатын. Сол кезде 2028 жылға дейін 6 вертипорт салынатыны хабарланды.
Сонымен қатар, Үкімет Alatau City-дегі аэротакси тарифіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.