Қазақстанда жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры құрылады

11 Ақпан 2022, 12:47
1925
Бөлісу:
Қазақстанда жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында вице-министр Азамат Әмірғалиев хабарлады.  Оның айтуынша, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

«Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы енгізілді. Бірнеше банктің келісімшарттарын тіркеу бойынша қызмет цифрлық форматқа ауыстырылды. Электрондық техникалық құжат беру іске қосылды. eGov Mobilе мобильдік қосымшасында неке қабілеттілігі туралы электрондық анықтама беру туралы қызмет басталды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол  сот сараптамасы саласына да тоқталып өтті. 

Астанада Сот-сараптамалар институты ғимаратының құрылысы аяқталды. Сот сараптамасы органдары 180 мыңнан астам сараптама орындады. Жеке сот сарапшылары жалпы сомасы 50 млн теңгеге 6 мыңнан астам сараптама өткізді. Пилоттық режимде республика бойынша «Е-saraptama» ақпараттық жүйесі енгізілді. Жүйе «Е-Қылмыстық іс» және «Төрелік» ақпараттық жүйелері арқылы қосылды, - деді вице-министр. 

Өзгелердің жаңалығы