Қазақстанда жұмыс берушілер зейнетақыға көбірек ақша аударады

2028 жылға қарай жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы 5%-ға жетеді.

Бүгiн 2026, 07:30
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 07:30
Бүгiн 2026, 07:30
205
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда болашақ зейнетақыны қалыптастыруда жұмыс берушінің рөлі артып келеді. Зейнетақы жүйесінің маңызды бөліктерінің бірі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа жүйеге сәйкес, жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлер үшін зейнетақы жарнасын өз қаражаты есебінен аударады.

ЖМЗЖ 2024 жылдан бастап 1,5% мөлшерлемемен енгізілді. Алдағы жылдары бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен өседі.

Атап айтқанда:

•    2026 жылы жарна көлемі қызметкер табысының 3,5%-ын; 

•    2028 жылға қарай 5%-ын құрайды. 

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс ынтымақты зейнетақы үлесінің біртіндеп азаюына байланысты енгізіліп отыр.

Жаңа тетік:

•    азаматтардың жоғалған табысын өтеуге; 

•    зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға; 

•    мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті тең бөлуге бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін зейнетақыдағы ақшаға жаңа шектеу: кім және қанша ала алатыны хабарланды

 

Наверх