Қазақстанда жоғары сыныптардағы БЖБ мен ТЖБ қайта қаралады

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 8 Қыркүйек 2026, 12:16
8 Қыркүйек 2026, 12:16
135
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтегі брифингте жоғары сыныптарда бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тиімділігін талдау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, биылғы оқу жылында бастауыш сыныптардың оқу бағдарламалары мен оқушылардың үлгеріміне толық талдау жүргізілген.

Бағдарламалар, соның ішінде бағалау тәртібі де қайта қаралды. ТЖБ тоқсандық бағалау ретінде өткізілмейді. Оның орнына оқушылардың күнделікті сабақтағы жауабын ескеретін қалыптастырушы бағалаудың рөлін күшейтеміз. Келесі кезеңде, яғни келесі жылы 5–9-сыныптардағы жүйе қайта қаралады. Одан кейін 10–11-сыныптарға көшеміз, – деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан мектептерінде БЖБ мен ТЖБ қалай өзгеретінін түсіндірді

Наверх