Қазақстанда ЖИ құрылыс нысандарын тексеріп, заңбұзушылықтарды 4 сағат ішінде анықтайды

ЖИ енгізу сараптама мерзімін қысқартып, заңсыз құрылыс тәуекелдерін азайтпақ.

 © UAEMoments Бүгiн 2026, 11:03
Бүгiн 2026, 11:03
142
Фото: © UAEMoments

Қазақстанда құрылыс саласында жобалар мен нысандардағы заңбұзушылықтарды бірнеше сағат ішінде анықтай алатын жасанды интеллект енгізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, жобалау және мемлекеттік сараптама кезеңінде BIM жобаларын тексеру үшін жасанды интеллектті енгізу жоспарлануда.

Осы мақсатта құрылыс нормалары машина оқи алатын форматқа көшірілуде.

Бұл жобаларды алдын ала тексеруге мүмкіндік беріп, сараптама мерзімін қысқартуға жағдай жасайды. Сондай-ақ бұл әр өңірдің ерекшелігі мен сейсмикалық жағдайын ескере отырып, типтік жобаларды қарау уақытындағы айырмашылықты жояды, - деп атап өтті министр.

Атап айтқанда, жүйе нысандардың нақты жағдайын бекітілген жобалық құжаттамамен салыстырады.

Соның арқасында сәйкессіздіктерді анықтау уақыты 3 жұмыс күнінен 4 сағатқа дейін қысқарып, заңсыз құрылыс тәуекелдері азаяды. Сонымен қатар "Қазақтелекоммен" бірлесіп, қалалардың цифрлық егіздерін жасау үшін дрондарды пайдалану жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобалау және мемлекеттік сараптама кезеңінде BIM-жобаларды тексеру үшін жасанды интеллект енгізу жоспарланып отыр. Ол үшін құрылыс нормалары машина оқи алатын форматқа көшіріліп жатыр. Бұл жобаларды алдын ала тексеруге және сараптама мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, – деп толықтырды ведомство басшысы.

Яғни еліміз бойынша мемлекеттік сараптаманың бірыңғай әрі ашық болуын қамтамасыз етеді.

Қосымша BIM жүйесін (Building Information Modeling) жобалаудың міндетті стандарты ретінде енгізу жоспарлануда. Бірінші кезеңде өнеркәсіптік объектілер құрылысынан бастаймыз, - деді Ерсайын Нағаспаев.

Айта кетейік, Қазақстанда цифрландырудың 20 жол картасы бекітілді.

Наверх