Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

11 Қараша 2026, 10:34
АВТОР
 Ұлттық статистика бюросы 11 Қараша 2026, 10:34
11 Қараша 2026, 10:34
53
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын өндіру жүйелі түрде дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 14,5%-ды құрады. Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7%-ға жетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі 2015 жылғы 9,5 млрд кВт·сағаттан 2025 жылы 17,9 млрд кВт·сағатқа дейін өсті. Олардың жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 10,4%-дан 14,5%-ға дейін артты.

Соңғы он жылда ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, ЖЭК үлесі 2015 жылғы 0,6%-дан 2025 жылы 7%-ға дейін өсті. Сонымен қатар осы көздерден өндірілген электр энергиясының көлемі 536,5 млн кВт·сағаттан 8 693,6 млн кВт·сағатқа дейін, яғни 16 еседен астам артты.

Наверх