Қазақстанда жарты жылда 53,8 мың неке тіркелді

11 Қыркүйек 2023, 08:28
551
Бөлісу:
Қазақстанда жарты жылда 53,8 мың неке тіркелді
Фото: архив

Биыл алғашқы жарты жылдықта Қазақстанда 50 мыңнан астам неке тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сарапшылардың айтуынша, некеге тұрғандардың арасында, жасы 35-тен асқан ерлердің үлесі 21%-ті, ал әйелдер 16%. Сондай-ақ жыл санап айжырасу  деректері кеміп келеді. 2021 жылы 48 мың шаңырақ шайқалса, былтыр 9 айда 13 мыңнан астам жұп ажырасқан.

Қазақстандықтардың басым бөлігі отбасылық құндылықтарды қастер тұтады. Отандастарымыз басты құндылықтар ретінде еңбекқорлық, өзін-өзі сыйлау, адалдық, үлкенге және өзге жандарға құрметпен қарауды атап өткен. Ата-аналар осы қасиеттерді балаларының бойына сіңіруді мақсат етеді. Бүгінде отбасы институтын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан тұрақты түрде нақты іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Былтыр Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдасамы бекітілді. Еліміздің әр өңірінде жанұяларды қолдау орталықтары ашылды. Бұдан бөлек, 2014 жылдан бері «Мерейлі отбасы» байқауы ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында байқауға 18 мыңнан астам жанұя қатысты.

Өзгелердің жаңалығы