Қосшыда әлемдік деңгейдегі суперкомпьютер пайда болады

Жоба Қосшы қаласында жүзеге асырылады.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 11:45
Бүгiн 2026, 11:45
111
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстанда жаңа суперкомпьютер іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бұл бағытта «Қазақтелеком» елдегі ең ірі деректерді өңдеу орталықтары желісін басқарып отыр. Оның құрамында 1,7 мыңнан астам серверлік сөре, 25 МВт қуат бар және нарықтың 47%-ын қамтиды.

Былтыр қазан айында Алматыда өнімділігі 1,5 мың петафлопс болатын AI-Farabium суперкомпьютері іске қосылған.

Қазіргі таңда ол әлемдегі ең қуатты суперкомпьютерлердің рейтингінде 103-орында тұр. Сонымен қатар оның есептеу қуаты 100% жүктемемен жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ жаңа деректерді өңдеу орталықтары салынып жатыр. Биыл қараша айында Қосшы қаласында суперкомпьютерді іске қосу жоспарланып отыр, ол Алматыдағы орталықтан үш есе қуатты болады, – деді Бағдат Мусин.

Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» Екібастұз қаласында деректерді өңдеу орталықтарының алқабын салу жобасының операторы болып белгіленген.

Қазір 20-дан астам гиперскейл-компаниямен келіссөздер жүргізіліп, 100 МВт-тан асатын алдын ала сұраныс қалыптасқан. Осылайша компания тек телеком-инфрақұрылымды дамытып қана қоймай, экономиканың барлық саласында жасанды интеллектті кеңінен енгізуге берік негіз қалыптастырып отыр.

Наверх