Қазақстанда жаңа партия құрылуы мүмкін: "Әділет" комитеті министрлікке құжат тапсырды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа партия құру бастамасын 700-ден астам азамат қолдаған.

 Әділет министрлігі Бүгiн 2026, 20:51
Бүгiн 2026, 20:51
165
Фото: Әділет министрлігі

«Әділет» партиясының ұйымдастыру комитеті Әділет министрлігіне партия құру туралы ресми хабарлама жолдап, оның қабылданғанын растайтын құжат алғанын мәлімдеді.

2026 жылғы 16 сәуірде бастамашыл топ атынан ұсынылған құжаттар пакеті Қазақстанның барлық өңірлерін, республикалық маңызы бар қалаларды және Астананы қамтыды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманы 700-ден астам азамат қолдаған.

Осылайша, заң талаптарына сәйкес саяси партия құру үдерісі ресми түрде басталды. Ұйымдастыру комитеті енді өз жұмысын толыққанды жүргізуге кіріседі.

Комитет өкілдері 2026 жылғы мамыр айының басында партияның құрылтай съезін өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Съезд барысында партияның құрылуы ресми түрде жарияланып, негізгі бағыттары айқындалмақ.

Құрылтай съезінің нақты өтетін күні мен орны қосымша хабарланатыны айтылды.

Наверх