Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу мерзімі бір күнге дейін қысқарады

Олжас АДАЙ
29 Шілде 2025, 12:24
1534
Бөлісу:
 - архив/ Арман Мухатов
Фото: - архив/ Арман Мухатов

Зейнетақы төлемдерін проактивті түрде тағайындау бойынша жаңа тәсіл пилоттық режимде енгізілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бұрын зейнетақы рәсімдеу процесі азаматтардың тікелей қатысуын қажет ететін, бұл бірқатар қолайсыздықтар тудырған.

Бұрын зейнетақы тағайындау процесі күрделі және азаматтардың жеке қатысуын талап ететін. Төлемдерді алу үшін өтініш беру, құжаттарды жинау және жұмыс тәжірибесін растау қажет болды. Қағаз деректерін өңдеу кідірістерді, кезектерді тудырды және зейнетақыны қолмен есептеу кезінде қателер қаупін арттырды, – деді вице-министр.

Қаныш Төлеушиннің мәлімдеуінше, бүгінде пилоттық режимде принципті жаңа тәсіл енгізіліп, цифрлық трансформация арқылы қызмет көрсету айтарлықтай жеңілдетілген.

Жасы бойынша скоринг негізінде жүйе зейнетақы ісін автоматты түрде қалыптастырады, еңбек өтілі туралы мәліметтерді тексереді және азамат тарапынан өтініш жасамай-ақ төлемдерді проактивті тағайындайды, – деді ол.

Жаңа тәсілдің нәтижесінде зейнетақы рәсімдеу мерзімі 10 күннен 1 күнге дейін қысқарған. Сонымен қатар процедуралық қадамдар саны алтаудан біреуге дейін азайған.

Трансформация қызмет көрсету мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқартуға, процедуралық қадамдар санын 6-дан 1-ге дейін қысқартуға және азаматтар үшін процесті айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді, – деді Қаныш Төлеушин.

Өзгелердің жаңалығы