Қазақстанда туристік «Cash Back» жүйесі енгізілуі мүмкін

16 Ақпан 2024, 16:22
443
Бөлісу:
Қазақстанда туристік «Cash Back» жүйесі енгізілуі мүмкін
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұқаралық туризмді одан әрі дамыту мақсатында министрлік тур құнының 20%-ына дейін туристік «Cash Back» жүйесін енгізу мәселесін пысықтап жатыр. 

Сонымен қатар шаруаларға өз жерлерінде агротуризммен айналысуға мүмкіндік беру туралы ұсыныс қолға алынды.

Мұндай шараның қабылдануы 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын қосымша жұмыспен қамту арқылы ауылдардың әл-ауқатының деңгейін көтеруге ықпал етеді. Бұл әсіресе Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Халықаралық франшизасы бар қонақүйлер үшін жеңілдікті несиелеу мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтылды. Бұл біздің бизнесті туристік инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын дамытуға ынталандыратын үлкен жетістік деп есептеймін. Сондай-ақ, жаңа және жұмыс істеп тұрған нысандарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қонақ үйлерді жіктеу жүйесін реформалау ұсынылады. Баршаға белгілі, қазіргі өлшемдер сонау 2008 жылы қабылданған, бұл қызмет көрсетудің қазіргі әлемдік стандарттарына сәйкес келмейді, - деді Ермек Маржықпаев.

Өзгелердің жаңалығы