Қазақстанда тұрғын үй құрылысының қарқыны төмендеді

25 Тамыз 2022, 06:45
773
Бөлісу:
Қазақстанда тұрғын үй құрылысының қарқыны төмендеді

Өңірлер арасында ең көп төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді. Статистика агенттігі құрылыс нысандарын пайдалануға беру статистикасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл қаңтар-шілде аралығында республика бойынша 21 765 жаңа ғимарат салынды. Соның ішінде тұрғын үйлердің үлесі 95,7 процентті құрап отыр.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда Қазақстан бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 0,8%-ға төмендеді, - делінген ресми хабарламада.

Ал өңірлер арасында ең көп төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді.

Жаңа аймақта – минус 52,3%, одан кейін Маңғыстау облысы – минус 20,7%, үшінші орында Алматы қаласы – минус 13%. Сондай-ақ төмен көрсеткіш Атырау (-8,7%), Жетісу (-3,9%) облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында (-0,7%) құрылыс қарқыны төмендеп кеткен.

Басқа өңірлерде өсім байқалады. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында, мұнда тұрғын үй құрылысының қарқыны 20,3%-ға өскен.

Өзгелердің жаңалығы