Қазақстанда  цифрлық стандарттар әзірленді

9 Наурыз 2022, 18:25
1752
Бөлісу:
Қазақстанда  цифрлық стандарттар әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазстандарт ҚТРМ ҚР МТИ «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингімен бірлесіп биометрия, бұлттық есептеулер, ақпараттық қауіпсіздік, үлкен деректер, жасанды интеллект, заттар интернеті, ГАЖ ақпараты салалары бойынша 30 стандарт жобасын дайындады.

Цифрлық саладағы стандарттарды әзірлеу Жаңа Қазақстан тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы салалардағы стандарттау Қазақстанның цифрландыру платформасының моделіне көшуін қамтамасыз етеді.

Ақпараттық платформа елдер мен шекарадан тыс сауда, алмасу және қызмет көрсету үшін әмбебап электронды платформа. Бұл платформалардың ең танымалдары - Uber, Booking немесе Yandex Taxi.

Мұндай платформаларға қосылу үшін Қазақстан Республикасының цифрлық стандарттары осы сайттардың архитектурасының талаптарына сәйкес келуі керек.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы 500-ден астам ұлттық стандарттар бекітіліп, үйлестірілген.

Өзгелердің жаңалығы