Қазақстанда Tax Free жүйесі іске қосылды: ҚҚС-ны кімдер қайтара алады?

10 Қыркүйек 2026, 17:39
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 10 Қыркүйек 2026, 17:39
10 Қыркүйек 2026, 17:39
80
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда шетелдік туристерге елден Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағынан тыс жерге алып шығатын тауарлары үшін қосылған құн салығының (ҚҚС) бір бөлігін қайтаруға мүмкіндік беретін Tax Free пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Бағдарлама ЕАЭО елдерінің азаматтарынан басқа шетелдік азаматтарға арналған.

Tax Free қай жерде жұмыс істейді?

Пилоттық жоба Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларындағы, сондай-ақ Катонқарағай мен Бурабай кентіндегі стационарлық сауда орындарында жүзеге асырылады.

ҚҚС өтемін азық-түлікке жатпайтын тауарларды сатып алған кезде алуға болады. Бұл ретте бір чектің сомасы кемінде 10 айлық есептік көрсеткішті (АЕК), яғни 2026 жылы 43 250 теңгені құрауы тиіс.

Tax Free құжатын сатушы кассалық чек негізінде рәсімдейді. Чекте ҚҚС сомасы бөлек көрсетілуі қажет. Құжат қағаз немесе электронды түрде берілуі мүмкін.

Tax Free дүкендерге не береді?

Кәсіпкерлер үшін Tax Free жүйесіне қосылу тегін. Пилоттық жобаға ҚҚС төлеуші болып табылатын және жоба қамтитын қалалардағы стационарлық сауда орындарында азық-түлікке жатпайтын тауарларды сататын кәсіпкерлер қатыса алады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жүйе дүкендерге шетелдік туристерді көбірек тартуға, орташа чекті арттыруға және сатып алушыларға ҚҚС-ты қайтарудың халықаралық деңгейде қалыптасқан сервисін ұсынуға мүмкіндік береді.

Жүйеге қосылу үшін кәсіпкерлер Tax Free жүйесінің операторларымен келісімшарт жасасуы қажет.

Наверх