Қазақстанда тәттілер 14% қымбаттады

13 Қазан 2023, 01:15
841
Бөлісу:
Қазақстанда тәттілер 14% қымбаттады
Фото: архив

2023 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында шоколад пен қанттан жасалған шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 68,8 мың тоннаға жетті. Бұл туралы BAQ.KZ energyprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл 2022 жылғы қаңтар–тамыз айларымен салыстырғанда 18,2% көп. Тиісті кезеңде сектордағы көрсеткіштердің өсуі екінші жыл қатарынан байқалды.

2023 жылғы қаңтар–шілде айларында ішкі нарықта шоколад пен қанттан жасалған шоколад және кондитерлік өнімдерді сату көлемі 2022 жылғы қаңтар–шілде айларымен салыстырғанда 23,2% артып, 111,9 мың тоннаны құрады. Осы кезеңде экспорт 5% қысқарып, небәрі 17,8 мың тоннаны құрады.

Биыл қыркүйек соңында шоколад бағасы бір айда небәрі 0,4% өскен. Салыстыру үшін: 2022 жылдың қыркүйегінде айлық өсім 2,5% болды. Шоколад бағасының жылдық өсімі 10,8%-ды құраса, бір жыл бұрын бағаның өсуі 21,5%-ға жеткен.

Өзгелердің жаңалығы